«Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына «Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының қызметкерлері қатысты

Астана қаласында «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы өкілдерінің басын қосқан «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті.

«Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының қызметкерлері де акцияға қатысып, өзен маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Қатысушылар іргелес аумақты қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғи ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

ЖШС Energy Solutions Center филиалының қызметкерлері - Жалпы қызмет көрсету орталығы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Плоггинг» акциясына қатысты

«Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының қызметкерлері «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында ұйымдастырылған экологиялық акцияға қатысты.

Бастаманың алғашқы күні — «Тазалық күні» аясында плоггинг акциясы өткізілді. Бұл іс-шара дене белсенділігі мен қоршаған ортаға деген қамқорлықты ұштастырды. Қатысушылар жүгірумен қатар, аумақты қоқыстан тазалап, тазалықты сақтауға өз үлестерін қосты.

Осындай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

 

«Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының Жастар кеңесі «Quiz» зияткерлік ойынына қатысуды ұйымдастырды

2026 жылғы 10 маусымда «Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының Жастар кеңесі қызметкерлердің «Quiz» зияткерлік ойынына қатысуын ұйымдастырды.

Ойын түрлі тақырыптар бойынша сұрақтарды қамтып, қатысушыларға өз білімдері мен эрудициясын сынауға, логикалық ойлау қабілеттерін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге тамаша мүмкіндік берді.

Осындай іс-шараларға қатысу әріптестерге бір-бірін жақынырақ тануға, пікір алмасуға және командалық жұмыс барысында өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Зияткерлік тапсырмаларды бірлесе шешу өзара сенім мен түсіністікті нығайтуға, командалық рухты дамытуға, сондай-ақ ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға ықпал етеді.

«Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының Жастар кеңесінің өкілдері «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының XI Спартакиадасына қатысты

Алматы қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында XI Спартакиада өтті. Спартакиадаға компаниялар тобының қызметкерлері қатысып, түрлі спорттық бағыттар бойынша өзара бақ сынасты.

Белсенді және салауатты өмір салтын қолдау – «Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Қайрат Мақсұтов атап өткендей: «Біз алдағы уақытта да ұжымдарымызда корпоративтік мәдениетті дамытуға және спортты кеңінен насихаттауға жағдай жасайтын боламыз».

Спартакиада бағдарламасы 13 спорт түрін қамтыды. Олардың қатарында футбол, волейбол, баскетбол, жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі, киберспорт және ұлттық спорт түрлері болды.

«Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының атынан Жастар кеңесінің өкілдері қатысып, киберспорт (CS2) дисциплинасы бойынша өнер көрсетті.

Осындай іс-шараларға қатысу корпоративтік байланысты нығайтуға, командалық рухты дамытуға және белсенді өмір салтын насихаттауға ықпал етеді!

«Energy Solutions Center» ЖШС Филиалының қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысты

«Energy Solutions Center» ЖШС Филиалының Жастар кеңесінің құрамындағы қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысып, қалалық ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында қатысушылар аумақты тазалау жұмыстарын жүргізіп, соның ішінде жағалау аймақтарын қоқыстан тазартты, сондай-ақ қоршаған ортаның жалпы жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Осындай бастамаларға қатысу қызметкерлердің экологиялық жауапкершілігін арттыруға, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және корпоративтік өмірге тартылу деңгейін көтеруге ықпал етеді.

«Energy Solutions Center» ЖШС Филиалы қызметкерлердің қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуын қолдай отырып, өмір сүру сапасын жақсартуға және тұрақты дамуға бағытталған бастамаларды қолдайды.

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Компанияның жаңа басшысын ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов таныстырды.

Мақсұтов Қайрат Берікұлының екі жоғары білімі бар – экономикалық және бейіндік энергетикалық. Әр жылдары банк құрылымдарында, квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді.

2009 жылдан 2018 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

2018 жылдан қазіргі кезге дейін энергетика саласындағы холдингтік компанияларға басшылық жасады.

Семинар: «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»

12 қазан күні «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығында «Energy Solutions Center» ЖШС еншілес компаниясының 2022 жыл бойынша Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарының аясында, «Самұрық Энерго» комплаенс қызметімен бірге ұйымдастырылған оқыту семинары өтті. Семинардың басты мақсаты – энергетикалық холдинг қызметкерлері мен еншілес компаниялардың жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және алдын алу шараларының әсерін күшейту.

Семинардың негізгі спикерлері ретінде арнайы шақырылған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі, ұйымның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу қызметі» басқармасының басшысы Нұрдәулет Самет пен аталған басқарманың сарапшысы Асан Айдарханов «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына баяндама оқыды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына соңғы кездері бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Соның бірі – сыбайлас жемқорлықтың субъективтік құрамының кеңеюі.

Енді мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық Фондпен қаржыландырылатын квазимемлекеттік компаниялардың сатып алу шараларына жауапты барлық қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың субъектілері қатарына жатады.

Яғни, аталған Заң шеңберіндегі жемқорлыққа қарсы барлық шектеулерді қабылдап, коррупциялық құқық бұзушылық фактілерінде жауапкершілікке тартылады. Бұрын мұндай талаптар квазимемлекеттік компаниялардың тек бірінші басшыларға ғана қатысты болған.

Сонымен қатар, ҚР салық және басқа да міндетті төлемдері жөніндегі Кодексіне сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, соның ішінде шетелдік мамандар мен олардың жұбайлары салық органдарына активтері мен міндеттемелері туралы жыл сайын декларация жасауға міндетті болады.

Бұдан өзге, Н.Саметтің баяндамасында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар аясындағы жаңа заңнамалық толықтырулар туралы айтылды. Атап айтқанда, квазимемлекеттік ұйымдарда сый-сыяпат қабылдауға, жақын туыстарды жұмысқа алуға, шетелдік банктерде шот ашуға тыйым салынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілінің айтуынша, компаниялар мен оның еншілес ұйымдарында, жыл сайын комплаенс офицерлерімен бірге ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп отыруы тиіс.

Семинар соңында Жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері компания қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, ақпарат алмасты.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың пікірінше, семинардың түпкі мақсаты орындалды. Өйткені шара барысында мемлекеттік тиісті органдар жүргізіп жатқан халық арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту және коррупцияның алдын алу жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Жемқорлықтың әлеуметтік құбылыс ретінде мемлекетке саяси және экономикалық тұрғыда әкелер зиянының ауықымын түсіне білу қажет. Сонымен қатар Қоғамда оның орын алмауын қамтамасыз ететін шешуші шараларды қолданған жөн.

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

img 7338

Бүгін, 06.10.2022 г. күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Серік Түйтебаев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын ұжымға  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.

Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы 1958 жылы Алма-Ата қаласында дүниеге келген.  

Алма-Ата энергетикалық институтында «Жылу электр станциялары», Алматы энергетика және байланыс институтында «ЖЭК кәсіпорындарындағы  экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1981 жылы ОртаАзЭнергоМонтаж компаниясында  іске қосу және ретке келтіру басқармасы шеберінің көмекшісі қызметінен бастаған.  

Содан кейін Алматы Энергетикалық университетінің еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері болып қызмет істеген.

АЖЭО-2 турбиналық цехінің турбиналық жабдығы бойынша аралап өтуші машинистінен бас инженер, одан әрі басқарушы директоры лауазымына дейін еңбек жолын өткерген.

Сонымен қатар, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басқарушы директоры орынбасары, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

 2014 жылдың қаңтар айынан бастап – «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация» дивизионының басқарушысы, одан әрі Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.  

2022 жылдың маусымынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ - акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.

______­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: 8(7172) 55-30-62; 8 (7172) 55-30-66

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.  

Кері байланыс
Жедел желісі