«Самұрық-Энерго» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес, егер «Energy Solutions Center» ЖШС (бұдан әрі Серіктестік) қызметкерлері Серіктестікте немесе «Energy Solutions Center» ЖШС филиалында - Жалпы қызмет көрсету орталығында (бұдан әрі Филиал) жасалған немесе жасалып жатқан бұзушылықтарға (ұрлық, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және бизнесті жүргізудің негізгі қағидаттарын немесе Серіктестіктің мінез-құлық кодексін басқа да бұзу) қатысты алаңдаушылық тудыратын фактілерді көрген немесе білетін болса, олар бұл туралы ақпаратты келесі нөмірлерге қоңырау шалу арқылы сенім телефонына жібере алады:
- телефон арқылы: 8-800-080-47-47 (ҚР ішінде тегін қоңырау шалу); немесе
- WhatsApp арқылы 8-771-191-88-16; немесе
- интернет-портал арқылы: www.sk-hotline.kz; немесе
- электрондық пошта арқылы: mail@sk-hotline.kz.
Сондай-ақ, әлеуметтік және еңбек даулары (тең емес жұмысқа алу және еңбек жағдайлары, кемсітушілік, еңбек қақтығыстары, этикаға жатпайтын мінез-құлық, жалақы мәселелері, заңсыз жұмыстан шығару, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу) туындаған жағдайда Nysana байланыс орталығы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін тәулік бойы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Сіз келесі нөмірлермен хабарласа аласыз:
- телефон арқылы: 8-800-080-30-30 (бесплатная линия); немесе
- WhatsApp арқылы: 8-778-120-99-11; немесе
- электрондық пошта арқылы: nysana@cscc.kz; немесе
- интернет-портал арқылы: htpp:|//nysana.cscc.kz/
Осыған байланысты, Серіктестік қызметкерлерінің арасында бұзушылықтар туралы құпия хабарлау үшін Nysana сенім телефоны мен Байланыс орталығының сенімділігі туралы хабардарлықты арттыру мақсатында, Филиалдың басшылық құрамына және/немесе құрылымдық бөлімшелердің басшыларына Филиалда орналасқан және оларға тікелей бағынатын барлық Серіктестік қызметкерлерін жоғарыда аталған ақпаратпен таныстыруды тапсыруды сұраймын.