tech

АТ инфрақұрылымын техникалық сүймелдеу

tech

АТ инфрақұрылымын техникалық сүймелдеу

АT-инфрақұрылым кез-келген заманауи компанияның негізі ғана емес, АT қазіргі уақытта бизнестің қозғаушы күші болып табылатын стратегиялық активке айналуда. Ең бастысы, АT-инфрақұрылым компания бизнесінің қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформация бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы шілдеде АT-ны басқарудың жаңа моделін ендіру және Бірыңғай қызмет көрсету орталығын (АТ ЖҚКО) құру жобасы сәтті аяқталды. Компанияның бизнес-процестеріне сәйкес келетін сенімді АТ-инфрақұрылымын құру - бұл күрделі міндет, оны компанияның IT бөлімі өз күшімен шеше алмайтындықтан, нақты сенімді, өнімділігі жоғары және кеңейтілетін IT-инфрақұрылымды ұйымдастыру үшін жоғары білікті мамандардың көптігі, сондай-ақ IT-инфрақұрылымдарын құру тәжірибесі қажет.

АТ ЖҚКО «Energy Solutions Center» ЖШС негізінде құрылды және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық компаниялар тобы үшін қымет көрсетуге арналған.

«Energy Solutions Center» ЖШС АТ саласында халықаралық стандарттары (ITIL, CoBIT) негізінде қызмет көрсетеді. Компания АТ-мен байланысты барлық процесстерді қамтитын АТ-қызметтердің каталогын әзірледі.

Компания тек қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету сапасының белгілі бір деңгейін ұстап тұруға тырысады: 95%-дан төмен емес (SLA негізінде - Service Level Agreement)

АT-инфрақұрылымды дұрыс және сауатты басқару сенімділікті арттыруға және инфрақұрылымды құруға, модернизациялауға және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды оңтайландыруға бағытталған, нәтижесінде ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Тапсырыс беруші тек қызметті ғана емес, сонымен қатар келесі артықшылықтарды да алады:

  • Сұраныстар мен оқыс оқиғалардың санын азайту;
  • Пайдаланушылардың сұраныстарын өңдеу ұзақтығын қысқарту (минуттар);
  • Сұраныстар мен оқыс оқиғаларды шешу жылдамдығын арттыру;
  • Оқыс оқиғаларды шешу уақытын азайту (1 қызметті қалпына келтіру үшін минутпен көрсетілген орташа уақыт);
  • Өтінімдердің орындалуын мониторингілеу және сұраулар бойынша статистика мен есептерді жедел алу мүмкіндігі.
Кері байланыс
Жедел желісі