«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

img 7338

Бүгін, 06.10.2022 г. күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Серік Түйтебаев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ жаңа басшысын ұжымға  «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев таныстырды.

Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы 1958 жылы Алма-Ата қаласында дүниеге келген.  

Алма-Ата энергетикалық институтында «Жылу электр станциялары», Алматы энергетика және байланыс институтында «ЖЭК кәсіпорындарындағы  экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1981 жылы ОртаАзЭнергоМонтаж компаниясында  іске қосу және ретке келтіру басқармасы шеберінің көмекшісі қызметінен бастаған.  

Содан кейін Алматы Энергетикалық университетінің еңбек және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының инженері болып қызмет істеген.

АЖЭО-2 турбиналық цехінің турбиналық жабдығы бойынша аралап өтуші машинистінен бас инженер, одан әрі басқарушы директоры лауазымына дейін еңбек жолын өткерген.

Сонымен қатар, «Алматы электр станциялары» АҚ-ның басқарушы директоры орынбасары, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

 2014 жылдың қаңтар айынан бастап – «Самұрық-Энерго» АҚ «Генерация» дивизионының басқарушысы, одан әрі Қоғамның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.  

2022 жылдың маусымынан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі.

 

«Самұрық-Энерго» АҚ - акциялары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.

______­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: 8(7172) 55-30-62; 8 (7172) 55-30-66

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.  

Кері байланыс
Жедел желісі