2-ЖЭО 40 - жылдық мерейтойын атап өтуде

2-ЖЭО Қазақстанның ең ірі жылу электр орталығы болып табылады. Бұл электр станциясы құрастырылу жағынан ерекше. Сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында станция 12 метр тереңдікке тереңдетілді. Станцияда елімізде алғаш рет сейсмикалық орындаудағы бу өнімділігі сағатына 420 тонна қазандық агрегаттары іске қосылды.

2-ЖЭО энергетикалық қазандары бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес, көмір мен мазутпен жұмыс істейді. Қазіргі таңда станция оны газға ауыстыруды көздейтін жаңғыртуға дайындалуда.

2-ЖЭО орнатылған электр қуаты - 510 МВт, жылу қуаты - 1411 Гкал/сағ. Орташа жылдық өндіру-2,7 млрд кВт / сағ электр энергиясы және 3,2 млн Гкал жылу энергиясы. 2-ЖЭО стратегиялық маңызды объект болып табылады, өйткені ол Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді (жазғы кезеңде 100% ыстық сумен және жыл бойы 50% «АлЭС» АҚ өндірісінен электр энергиясымен қамтамасыз етеді).

2-ЖЭО  арқылы энергетиктердің бірнеше ұрпағы өтті. Оның алғашқы директоры Евгений Волков болды. Кейіннен станцияны 9за0 жылдар бой Қапыш Петр, Кравцов Валентин, Оразбаев Бірлік, Календарев Ахат, Төтебаев Серік, Сабырқұлов Бисембек, Салимов Фазоил басқарды. Қазір 2-ЖЭО-ны Шанлақбаев Асхар басқарады. 40 жыл бұрын станцияға электр цехының аға кезекші электр монтері Мұхамед-Рахимов Нұрлан келді.

Қазіргі таңда ол «Алматы электр станциялары» АҚ басқарады.

Қазір де тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтауды станцияның кәсіби персоналы қамтамасыз етеді, онда тәжірибелі энергетиктермен қатар болашағы зор жастар да жұмыс істейді. - Біз 2-ЖЭО-де қызмет ететін энергетиктердің аға буыны мен жас қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз,-дейді «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов. - Еліміздің жоғары оқу орындарының үздік түлектерін жұмысқа шақырып, ертеңгіге алаң болмау үшін, саналы,  дарынды ұрпақ сабақтастығына ерекше көңіл бөлеміз. Осылайша жастарға жол көрсетіп, тәлім –тәрбие берсек, келер ұрпаққа берері мол кәсіби мамандар болатынына кәміл сенемін.  

2-ЖЭО: тарихының бастауы

1980 жылы 26 тамызда Алматы 2-ЖЭО бірінші энергоблогының қазандығында алау жағылды

1980 жылы 26 тамызда Алматы 2-ЖЭО-нің көрінісі: ауыр мұнара крандарыны, шаң іздерін қалдырған тиелген жүк машиналары болашақ цехтар мен қызметтерге құрылыс материалдарын жеткізді. Ал 26 тамыз күні жаңа елордалық жылу электр орталығының тарихындағы алғашқы жұмыс күні ерекше болды. Кешке қарай қазандық агрегатына құрылысшылар, монтажшылар, т.б. жұмысшылар жиналды. Іске қосу бастығы, қабылдау комиссиясының төрағасы, «Алмаатаэнерго» АБ басқарушысы Жакутов Айтқали Жақұтұлы іске қосуға рұқсат беру туралы журналға соңғы жазба жасап, Алматы 2-ЖЭО бас инженері Виктор Андреевич Тюсинге қазандықты ерітуге өкім берді.

№1 қазандық агрегатын еріту кезінде алауды жағудың құрметті құқығын «Алмаатагрэсстрой» басқармасының кешенді бригадаларының бригадирлері, станция құрылысы басталған кезде бетонның бірінші текше метрін салуға қатысушылар – Амадье Асанов, Степан Пола, ағаш ұстасы Кирилл Бухарев, электр дәнекерлеуші Вера Долгополова, Покровский монтаждау басқармасының бригадирі Эрик Вихту, трест монтаждау басқармасының бригадирлері Брий Пласин мен Виктор Огородников алды.

23.00 қазандық агрегатының алғашқы алауы жағылды. Қазандықтың оттығында өрт шыққанына төрт сағат өтті. Қазандық агрегатының құбыр желісі аса берік құбырларының километрлері күш алуда. Өздігінен жазғыштар басқару қалқанында жүздеген құрылғылар металл беттерін жылыту жылдамдығы мен қысым температурасы туралы алғашқы ақпараттарды тіркеп отырды…

Уақыт түн ортасы, бірақ құрылыс жұмысын жалғастырды: екінші ауысымның құрылысшылары жұмыс істеді, дәнекердің ұшқыны, ал қазандық цехында қазандықтың аға машинисі Валерий Вержук, қазандық цехының ауысым бастығы Рудольф Вольф, станция ауысымының бастығы Владимир Сергеевте қызу жұмыс үстінде. Олар сағат сайын жабдықтар мен жабдықтардың қалыпты жұмысын хабардар етіп отырды.

Күрделі емтиханнан өтті: машиналар өздерінің сенімділігін көрсетті, мамандардың тәжірибесі мен білімі тәжірибеде расталды. Осылайша, жаңа жылу электр орталығы  1980 жылы 26тамызда өмірге жолдама алды.

Бүгін біз Алматы 2-ЖЭО-нің 40 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Бұл Қазақстандағы электр және жылу энергиясын аралас өндіру бойынша ең ірі жылу станциясы. 2-ЖЭО  Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді (жазғы кезеңде 100% ыстық сумен жабдықтау және 50% жыл бойы "Алматы электр станциялары"АҚ өндірісінен электр энергиясымен қамтамасыз етеді).

Қазір ЖЭО-2 жыл сайын 2,7 млрд кВт / сағ электр энергиясын және 3,2 млн Гкал жылу энергиясын өндіреді, ал алдымен станцияның іске қосылуы 78,5 млрд кВт / сағ электр энергиясын және 102,8 млн Гкал жылу энергиясын өндіреді.

Экибастузская ГРЭС-2 устранила угрозу валютных рисков.Екібастұз ГРЭС-2 валюталық қатерді жойды.

Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ тең акционерлері болып табылатын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жалпы сомасы шамамен 100 млрд. теңге болатын шетел валютасындағы барлық міндеттемелерін қайта қаржыландырды. Осылайша, станция валюталық қатердің бетін толығымен қайтарып, болуы ықтимал курстық шығындарды жойды.

Бұл іс-шара ел экономикасының долларға байланыстылығы деңгейін төмендету, Қазақстанның валюталық міндеттемелері мен сыртқы қарыздарын азайту жөніндегі мемлекеттің саясатын қолдау аясында өткізілді. Қайта қаржыландырудың көзі – Қазақстанның аса ірі банкі – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ.

Бұл мәмілені іске асыру Екібастұз ГРЭС-2-ге валюталық қатерді толығымен жоюға, сыйақы мөлшерлемесін бекітуге, кепілдегі жылжитын және жылжымайтын мүлкін толығымен босатып алуға мүмкіндік берді, соның арқасында 1 млрд.теңгеден астам жыл сайынғы ілеспе шығыстар оңтайландырылды.

Қосымша мәміле ұлттық валютада бекітілген ұзақ мерзімді қарыз есебінен қорландыру шарттарын жақсартуға және қаржыландыру құрылымын оңайлатуға мүмкіндік берді.

Анықтама:

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – инвестициялық холдинг, миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және келешек ұрпақтар үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. 2008 жылы құрылған. Жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобына мұнай-газ, көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен металлургиясы кешенінің, энергетика саласының кәсіпорындары кіреді.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – белгіленген қуаттылығының көлемі 1000 МВт болатын қазақстандық энергетикалық кәсіпорын, ол әрқайсысының қуаттылығы 500 МВтты құрайтын екі энергия блогі арқылы күлі көп екібастұз көмірінен электр энергиясын өндіреді.  Екібастұз қаласында орналасқан. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ тең акционерлері болып табылады.

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Қазақстанда жаңа екі электр станциясы пайда болады

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жаңа екі жоба іске асырылуда. Бұл жерде сөз «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты компаниялар құрылысын бастаған Алматы және Ақмола облыстарындағы жел электр станциялары (ЖЭС) туралы болып отыр.

«Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейте отырып, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында іске асырылуда. Станция жиынтық қуаты 60 МВт болатын 24 жел энергетикалық қондырғыдан, қосалқы станциядан және электр беру желілерінен тұрады. Нысанның өндірістік алаңында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамындағы «Энергия Семиречья» ЖШС жүргізуде.  ЖЭС-тің құрылысы кезінде 300 жұмыс орнын, ал станция пайдалануға берілгеннен кейін тұрақты түрде 14 жұмыс орнын ашу көзделген. ЖЭС жылына 225 750 мың кВтсағ. электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Компания мамандарының сөзінше, жел энергетикалық қондырғыларын суық континенталдық климат (–30…+43 С), сейсмикалық белсенділігі 10 балл және желдің жылдамдығы – II класс жағдайында пайдалануға болады. Жел турбиналары IEC 61400-series «Жел турбогенераторлық жүйелері» халықаралық стандарттарына сәйкес келетін техникалық және экологиялық қасиеттерге ие.

Екінші жел электр станциясы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласының маңында орналасқан. Ол жердегі желдің әлеуетін ескере отырып, станцияның алаңында германдық «ENO Energy GmbH» фирмасы жасап шығарған. әрқайсысының қуаты 4,8 МВт және белгіленген жиынтық қуаты 50 МВт болатын 11 ЖЭҚ орнату жоспарланған. Нысанның құрылысы оған осы уақыт ішінде жергілікті тұрғындардан 100 адамды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Пайдалану кезінде станцияға 16 адам қызмет көрсететін болады. Жобаны «Самұрық-Энерго» холдингіне қарасты, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіруге маманданған  «Ereymentau Wind Power» ЖШС іске асыруда.

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның жаңартылатын көздерді пайдаланудағы әлеуеті зор, және де, атап өтілгендей, «жасыл» энергетикаға  көшу, «жасыл» технологияларды енгізу – бұл жаһандық экономиканың өсіп келе жатқан векторы.

Мәселен, Алматы облысында, «Самұрық-Энерго» мамандарының бағалауынша, электр энергиясының негізгі көздері – Алматы ЖЭО-лары, Қапшағай және Алматы СЭС-інің каскадтары, Есік СЭС-і, Мойнақ СЭС-і, Қаратал СЭС-і. Өзінде өндіруші қуат көздері жетіспегендіктен, облыстың электр энергиясына деген қажеттілігі қолда бар энергия көздерімен 50%-ке ғана жабылады. Жел энергиясы ресурстарының әлеуеті жоғары өңірде ЖЭК-тің кезекті нысанын пайдалануға беру, қоршаған ортаға тигізетін әсерін неғұрлым азайта отырып, электр энергиясына деген тапшылықты ішінара шешуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандары – күн электр станциялары (КЭС), жел электр станциялары (ЖЭС), биогаз станциялары (БГС), шағын СЭС-тер 2019 жылы 342,5 млн. кВтсағ. электр энергиясын өндірді, бұл Қазақстан Республикасында ЖЭК-терді пайдалана отырып өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің 14,3%-тін құрайды, ал компанияның «таза» электр энергиясын өндірудегі (КЭС, ЖЭС, шағын және ірі СЭС-тер) 2019 жылғы үлесі 2018 жылмен салыстырғанда 1,2%-ке ұлғайып, 2 924,2 млн. кВтсағатты құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.

________________________________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі 

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жобалар портфелін жаңарту

Трансформацияның жобалар портфелін жаңарту – бұл үздіксіз жетілдіру процесі. Жыл сайын оның мазмұны компания қажеттіліктерін ескере отырып жаңартылады.

"Самұрық-Энерго" АҚ-да Жаңғырту жөніндегі кеңейтілген кеңестің (ЖКК) онлайн-отырысы өтті. Оған "Энергетика" секторы активтерді басқару дирекциясы, "Самұрық-Қазына" АҚ Қорының Цифрландыру офисінің өкілдері, Стратегиялық дамыту жөніндегі басқарушы директор Лязат Боранқұлова, сондай-ақ Стратегиялық дамыту департаментінің директоры Марал Шашкенова, энергия холдингі ЕТҰ-ларының бірінші басшылары, Корпоративтік орталықтың басқарушы директорлары және әлеуетті жобалар мен іс-шаралардың басшылары қатысты.

Жаңғырту жөніндегі кеңестің отырысын "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов ашты: «Негізгі назар өндірістік міндеттерді шешуге, "төменнен-жоғарыға" қағидаты бойынша идеялар мен ұсыныстарды жинақтау тактикасын қолдануға бағытталды, бұл компаниялар тобы ЕТҰ-ларының өзекті қажеттіліктерін анықтауға көмектесті. Осылайша, бүгін біз бастамалардың қысқа тізімін қалыптастырдық».

Жарты жыл бойы портфельді жаңарту бойынша дайындық жұмыстары барлық ЕТҰ-лармен қарым-қатынасты, идеялар мен ұсыныстарды жинақтау арналарын кеңейтуді, 60-тан астам әлеуетті жобалар мен іс-шаралардың орындылығы мен экономикалық тиімділігін талдауды қамтыды.

"Іріктеуден" 15 жоба өтті, олар Жаңғырту жөніндегі кеңес мүшелерінің қарауына шығарылды. Талқылау мен дауыс беру нәтижесінде Жаңартылған жобалар портфелінің 10 бизнес-ұсынысын кейіннен іске асыру үшін бюджет пен басқа да ресурстарды бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды. Қалған бес жобаны Цифрлық трансформация бағдарламасынан тыс жүзеге асыру жоспарланады.

"Бірқатар жобалар цифрлық технологиялар саласындағы озық шешімдерді қамтиды және өндірістік тиімділікті арттыруға бағытталған. Пандемияға байланысты жағдай қызметтерді автоматтандыруды, қағазсыз айналымды қамтитын Жобалар портфелінің мазмұнына да әсер етті. Біз қарауға ұсынған жобалар мен іс-шаралар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, компанияның құнын арттыруға және операциялық шығындарды азайтуға бағытталған", - деп атап өтті отырыс барысында "Самұрық-Энерго" АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Еділ Копенов.

Еділ Копенов "Самұрық-Энерго" АҚ ЕТҰ-ларының басшыларын жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға, ол үшін ресурстар бөлуді қарауға және жобалық басқару әдіснамасын ұстануға шақырды: "КО деңгейінде де, ЕТҰ деңгейінде де Портфельді басқару құрылымының нұсқаларын қарауға ұсынуды сұраймын».

Энергия холдинг құрылымына кіретін кәсіпорындардың бірінші басшыларына Жаңғырту жөніндегі кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау және пысықталған қаржы-экономикалық модельдерге сәйкес бюджеттерді дайындау тапсырылды. Қазан айында «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің жобалар портфелін келісуі жоспарланады.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелерін қарастырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компанияда өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Халықаралық капитал нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуіне және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: Pm.kz

Екібастұз қ. электр станцияларында COVID-19 анықталды

b8b24e7969dafadfb9a578c7de5c9a47

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергетикасы компаниясының Екібастұз қаласындағы үш қызметкерінің коронавирус инфекциясымен (КВИ) ауырғаны анықталды. Қаладағы «Богатырь Комир» ЖШС, «Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның өндірістік бөлімшелеріндегі қызметкерлерге COVID-19 инфекциясын жұқтырған деген диагноз қойылды.

«Богатырь Комир» ЖШС жұмыскері ЖРВИ (ОРВИ) диагнозымен ауырып уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыста болмаған, кейіннен ол қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды.  «Богатырь Комир» ЖШС жұмыскері ЖРВИ (ОРВИ) диагнозымен ауырып уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жұмыста болмаған, кейіннен ол қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды.  ЭГРЭС-1  жұмыскері өткен демалыста температурасы көтеріліп, өзін жайсыз сезінген кейін қаладағы орталық ауруханаға келген.

Бұл жұмыскердің 2020.04.21 бастап Екібастұз қаласының КВИ науқасы расталған тұрғынымен тығыз қатынаста болуы себепті карантинге жатқызылған. ЭГРЭС-2  жұмыскері ауысымнан кейін өзін әлсіз сезініп, жедел жәрдем шақырған, сол жерде дәрігерлер оның КВИ жұқтырған туысқанымен байланыста болғанын анықтапты.

 Қазіргі уақытта инфекция жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталды, КВИ науқасы расталған барлық кәсіпорындар Екібастұз қаласының СЭС мекемесімен және қалалық ауруханамен бірігіп жұмыс жасауда, жұмыс орындарына ждәне жұмыскерлерді тасымалдайтын автобустардың барлығына жедел санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Компаниялардағы жедел әрекет ету штабы КВИ науқасының алдын алу және таралмауы үшін барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде. «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты барлық Екібастұз энергия кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде, және электр энергиясын жеткізу мен көмір тиеу-тасу жұмыстарына қатысты өз міндеттемелерін толық көлемде орындауда.

Мәселен, 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша ЭГРЭС-1 кәсіпорнында 6,3 млрд кВтс электр энергиясы өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 136% көрсеткішті, ал «Богатырь Комир» ЖШС кесігінен 15,2 млн тонна көмір жөнелтіліп, өткен жылғы осы кезеңіне қарағанда 102% нәтижені көрсетіп отыр. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы науқастанған жұмыскерлердің тез арада айығып, ортамызға қосылуына тілектестік білдіріп, азаматтарға карантин талаптарын қатаң қадағалау қажеттігін естеріне салады. 

 __________________________________________________


«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникация офисі

 Тел: 8(7172) 55-30-62; 8 (7172) 55-30-66 

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. 

Кері байланыс
Жедел желісі