Экибастузская ГРЭС-2 устранила угрозу валютных рисков.Екібастұз ГРЭС-2 валюталық қатерді жойды.

Экибастузская ГРЭС-2 устранила угрозу валютных рисков.Екібастұз ГРЭС-2 валюталық қатерді жойды.

Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ тең акционерлері болып табылатын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жалпы сомасы шамамен 100 млрд. теңге болатын шетел валютасындағы барлық міндеттемелерін қайта қаржыландырды. Осылайша, станция валюталық қатердің бетін толығымен қайтарып, болуы ықтимал курстық шығындарды жойды.

Бұл іс-шара ел экономикасының долларға байланыстылығы деңгейін төмендету, Қазақстанның валюталық міндеттемелері мен сыртқы қарыздарын азайту жөніндегі мемлекеттің саясатын қолдау аясында өткізілді. Қайта қаржыландырудың көзі – Қазақстанның аса ірі банкі – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ.

Бұл мәмілені іске асыру Екібастұз ГРЭС-2-ге валюталық қатерді толығымен жоюға, сыйақы мөлшерлемесін бекітуге, кепілдегі жылжитын және жылжымайтын мүлкін толығымен босатып алуға мүмкіндік берді, соның арқасында 1 млрд.теңгеден астам жыл сайынғы ілеспе шығыстар оңтайландырылды.

Қосымша мәміле ұлттық валютада бекітілген ұзақ мерзімді қарыз есебінен қорландыру шарттарын жақсартуға және қаржыландыру құрылымын оңайлатуға мүмкіндік берді.

Анықтама:

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – инвестициялық холдинг, миссиясы – Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және келешек ұрпақтар үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету. 2008 жылы құрылған. Жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобына мұнай-газ, көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен металлургиясы кешенінің, энергетика саласының кәсіпорындары кіреді.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.   

 «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – белгіленген қуаттылығының көлемі 1000 МВт болатын қазақстандық энергетикалық кәсіпорын, ол әрқайсысының қуаттылығы 500 МВтты құрайтын екі энергия блогі арқылы күлі көп екібастұз көмірінен электр энергиясын өндіреді.  Екібастұз қаласында орналасқан. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ тең акционерлері болып табылады.

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

Тел: (7172) 55-30-62; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Кері байланыс
Жедел желісі