«Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының Жастар кеңесінің өкілдері «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының XI Спартакиадасына қатысты

«Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының Жастар кеңесінің өкілдері «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының XI Спартакиадасына қатысты

Алматы қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасында XI Спартакиада өтті. Спартакиадаға компаниялар тобының қызметкерлері қатысып, түрлі спорттық бағыттар бойынша өзара бақ сынасты.

Белсенді және салауатты өмір салтын қолдау – «Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Қайрат Мақсұтов атап өткендей: «Біз алдағы уақытта да ұжымдарымызда корпоративтік мәдениетті дамытуға және спортты кеңінен насихаттауға жағдай жасайтын боламыз».

Спартакиада бағдарламасы 13 спорт түрін қамтыды. Олардың қатарында футбол, волейбол, баскетбол, жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі, киберспорт және ұлттық спорт түрлері болды.

«Energy Solutions Center» ЖШС «Ортақ қызмет көрсету орталығы» филиалының атынан Жастар кеңесінің өкілдері қатысып, киберспорт (CS2) дисциплинасы бойынша өнер көрсетті.

Осындай іс-шараларға қатысу корпоративтік байланысты нығайтуға, командалық рухты дамытуға және белсенді өмір салтын насихаттауға ықпал етеді!

Кері байланыс
Жедел желісі