Компания басшылығы

 

Абдуллин Әнет Марсұлы

02.04.2018ж. бастап «Energy Solutions Center» ЖШС-ның Бас директоры болып жұмысқа кірісті.

Туған жылы: 26.12.1980ж.

Білімі: 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетін математик-механик мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

- 2002-2006жж. – «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Метрология департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды, Алматы қ.;

- 2006-2007жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰК АҚ - «Волковгеология» АҚ-ның өндірістік-техникалық департаментінің бас инженер метрологы;

- 2007-2013жж. – «Артекс өндірістік коммерциялық» ЖШС-ның директоры;

- 2013-2014жж. – «ҚазЛабМетр» ғылыми-өндірістік кәсіпорын» ЖШС директорының орынбасары;

- 2014-2017жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды;

- 2017-2018жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ Корпоративтік даму, жинақ-үйлестіру жұмыстар мен БМЖ департаменті директорының орынбасары;

2018 жылғы ақпанда «Energy Solutions Center» ЖШС Бас директорының орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылғы сәуірден бастап - «Energy Solutions Center» ЖШС-ның Бас директоры.


 

Нұрпейісов Талғат Тоқтарұлы

Бас директордың орынбасары

Туған жылы: 08.04.1983ж.

Білімі: 2006 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

- 2006-2007жж. – «Алатау» телерадиоорталығы» ЖШС-ның бухгалтері;

- 2007-2008жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да Орталық бухгалтерияның менеджері;

- 2008-2013жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ-ның бухгалтері;

- 2013-2015жж. – «Амангелді Газ» ЖШС-ның бас бухгалтері;

- 2015-2018жж. – «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ның жетекші бухгалтері;

2018 жылғы ақпаннан мамырға дейін – «Energy Solutions Center» ЖШС-ның сатып алу бөлімінің бастығы;

2018 жылғы мамырдан қазіргі уақытқа дейін - «Energy Solutions Center» ЖШС Бас директорының орынбасары.


 

Төлегенов Ерлан Маратұлы

Бас директордың дамыту жөніндегі орынбасары

Туған жылы: 26.05.1982ж.

Білімі: 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономика мамандығы бойынша бітірді, Алматы қ.. 2007 жылы Атырау мұнай және газ институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

- 2003-2004жж. – «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының «Атырау» өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жабдықты жинау базасының еңбек жөніндегі экономисі (Атырау қ.);

- 2004-2008жж. – «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратының персоналды басқару департаментінің бас маманы;

- 2008-2009жж. – «ҚазТрансОйл» АҚ персоналды басқару қызметінің басшысы;

- 2009-2013жж. – «КазТрансГаз» АҚ персоналды басқару департаментінің директоры, қайта құрылғаннан кейін персоналды басқару және әкімшілік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры;

- 2013-2016жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ өңірлермен жұмыс жасау департаментінің бас менеджері, тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды;

- 2016-2017жж. – «КМГ Глобал Солюшнс Б.В.» ЖШКФ-да «Адам ресурстарын басқару» бағыты бойынша функционалды сарапшы («ҚазМунайГаз» ҰК АҚ);

- 2017-2018жж. – «МиК» ЖШС директорының орынбасары;

- 2018-2019жж. - «Energy Solutions Center» ЖШС Бас директорының кеңесшісі;

2019 жылғы мамырдан бастап «Energy Solutions Center» ЖШС Бас директорының дамыту жөніндегі орынбасары.